• Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • 8 (7172) 53-98-15

Көптілді білім беру кеңістік жағдайында семинар практикум өтті

2019 жылдың 25 мамырында №79 «Шабыт» балабақшасының негізінде көптілді білім беру кеңістік жағдайында семинар практикум өтті. Семинардың мақсаты:  балабақшаның жыл көлеміндегі көптілді білім беру бағытындағы озық тәжірибелерін тарату, педагогтардың белсенділік пен тұрақты қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық атмосфера жасау. 2018 жылдың қыркүйек айында жетекші  №4«Аружан» балабақшасы және серіктес №3, 27, 39 балабақшалары және 46, 33 бірлесе құрылған жоспарына сәйкес  № 79 «Шабыт» балабақшасы негізінде өткен  «Үш тіл білейік, үйренейік!» атты семинар практикумында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Копеева Айнур Ризабековна ойын арқылы ағылшын тілін оқыту бойынша шеберлік сынып  өткізді.

Ал орыс тілі пәнінің жетекшісі Бектурова Гульмира Кудайбергеновна  өзінің ертегі бойынша сөйлеуді дамыту әдістемесімен бөлісті. Семинар барысында озық тәжірибелері  ортаға салынып қана қоймай, заманауи әдістемелік- көмекші  құралдар мен көрнекіліктердің көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеде Косантаева Мадина Маратқызының ойындар жинағы мен жас педагогтарға арналған үш тілде жазылған қалта  сөздігі алғаш орныны тапты.  Іс шараға қонақ ретінде тіл орталығынан да қонақтар болды. Толу атты ағылшын тілінің маманы өз кезегінде ағылшын тілін оқуды қалай дұрыс жайында біраз ой қозғады.  Аталған іс- шара қорытынды семинар  болғандықтан,  шағын коцерттік бағдарлама және  серіктес балабақшалардың кластер жұмысы бойынша жылдық есебі де тыңдалды.

Кластер жетекшісі Иванченко Елена Владимировна кластер жұмысында үздік деп танылған № 79 «Шабыт», №27 «Балауса», №3  «Күншуақ», №39 «Меруерт», Н. Әбдіров атындағы № 33 мектеп кешеніне, және жыл бойында аянбай еңбек еткен үздік әдіскерлерге, атап айтқанда, Қосантаева Мадина Маратқызы, Алиманова Калия Есиркеповна, Кабланбекова Алмагүл Амантаевна, Сабитова ляззат Мухтаровна, Попова Елена Владимировна, Жапашева Айсулу Мухамедовналарға мадақтама қағаздарын табыстады.

  • 25.05.19
  • IMG_9474
  • IMG_9572