• Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • 8 (7172) 53-98-15

Ата – аналармен «Гүлдер - біздің сәніміз!» атты іс- шара өтті

№79 «Шабыт» балабақшасында «Жасыл ел бағдарламасы арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру» эксперименталды алаңының жоспарына сәйкес ата – аналармен «Гүлдер - біздің  сәніміз!» атты іс- шара өтті.

Мақсаты: Балабақша  бөлмелеріндегі гүлдер санын арттыра отырып, гүлдер -таза ауаның бастауы  және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Рухани-адамгершілік тәрбие берудегі еңбек пен ата-ананың балаларға беретін отбасылық сүйіспеншілік құндылықтарының мәнін ашу.  Аталған іс- шараға әр топтан бір ата- анадан келіп, гүл отырғызып қана қоймай, гүлдерге байланысты  қызықты фактілер айтылып,  сурет салып,  ән айтылды. Және де гүлдерді отырғызудың құпиясы да ортаға салынып, талқыланды. Нәтижесінде 17 гүл ыдысқа қондырылып, балабақша қабырғасынан өз орындарын тапты.

  • F21F105C-8DA2-46B1-B096-CE26AE0E7A7B
  • IMG_9776
  • IMG_9777