ЖАҢАЛЫҚТАР
7-мамыр Отан қорғаушылар күні және 9- мамыр Жеңіс күні
7-мамыр Отан қорғаушылар күні және 9- мамыр Жеңіс күні жалпыхалықтық мерекеге орай балабақшамызда мерекелік іс-шара өтті.
Тәрбиеленушілер мерекеге сай костюмдер киіп,ән салып, би биледі.”Ардагерлерге тағзым”-,атты сахналық қойылым қойды.
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні
Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын қалыптастыру, ұлттық қарым - қатынасын, халықтар достығын нығайтуға тәрбиелеу балабақша қабырғасынан бастау алып отыр. Балабақшамызда балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету мақсатында ортаңғы,ересек,мектепалды даярлық топтарында “Достығымыз жарасқан” атты мерекелік тәрбие сағаттары өтті.