• Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • 8 (7172) 53-98-15

8-наурыз халықаралық әйелдер мерексіне арналған ертеңгіліктер өтті

Наурыздың 3 мен 6 жұлдызы аралығында балабақшамызда барлық топтар арасында 8-наурыз халықаралық әйелдер мерексіне арналған ертеңгіліктер өтті.

Бүлдіршіндеріміз ертеңгілкте ән салып, би билеп, достарының арасында ойыннан сайысқа түсті.

Подробнее: 8-наурыз халықаралық әйелдер мерексіне арналған ертеңгіліктер өтті

Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру

Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру.

Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.

Подробнее: Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру

«Салауатты тамақтану» атты ата-аналармен сайыс ұйымдастырылды

Қарашаның 22 күні балабақшамызда «Салауатты тамақтану» атты ата-аналармен сайыс ұйымдастырылды.

Салауатты тамақтану - халық денсаулығын, балалардың дұрыс өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін, физикалық және ақыл –ойдың дұрыс дамуын, жұмысқа қабілеттілікті нығайтатын, алиментарлық аурулардың алдын алу, әлеуметтік – экономикалық дамуды, ұлттық қауіпсіздігін анықтайтын бірден-бір және басты факторлары болып табылады.

Ата-аналарымыз салауатты тамақтануды жақсы тұжырымдап, ерекше сезім ұялатты.

Подробнее«Салауатты тамақтану» атты ата-аналармен сайыс ұйымдастырылды

Ата – аналармен «Гүлдер - біздің сәніміз!» атты іс- шара өтті

№79 «Шабыт» балабақшасында «Жасыл ел бағдарламасы арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру» эксперименталды алаңының жоспарына сәйкес ата – аналармен «Гүлдер - біздің  сәніміз!» атты іс- шара өтті.

Мақсаты: Балабақша  бөлмелеріндегі гүлдер санын арттыра отырып, гүлдер -таза ауаның бастауы  және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Рухани-адамгершілік тәрбие берудегі еңбек пен ата-ананың балаларға беретін отбасылық сүйіспеншілік құндылықтарының мәнін ашу.  Аталған іс- шараға әр топтан бір ата- анадан келіп, гүл отырғызып қана қоймай, гүлдерге байланысты  қызықты фактілер айтылып,  сурет салып,  ән айтылды. Және де гүлдерді отырғызудың құпиясы да ортаға салынып, талқыланды. Нәтижесінде 17 гүл ыдысқа қондырылып, балабақша қабырғасынан өз орындарын тапты.

Подробнее: Ата – аналармен «Гүлдер - біздің сәніміз!» атты іс- шара өтті

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толып отыр

Биыл қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толып отыр. Нұр – Сұлтан қаласының барлық білім беру мекемелері бұл атаулы күнді ескерусіз қалдырмады. Осыған орай қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан эстафетаны қабыл алып, 20 - қыркүйекте біздің балабақша қабырғасында да үлкен «Абай –дана, Абай- дара» атты кеш өтті.

Кештің мақсаты – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықыласты арттыру, әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту. Аталған іс- шарада барлық ересек топтың балалары қатысып, бірі ән шырқаса, бірі мәнерлеп өлең оқыды. Кеш соңында белсене қатысқан тәрбиеленушілер арнайы дипломмен марапатталды.

Подробнее: Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толып отыр