• Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • 8 (7172) 53-98-15

Көптілді білім беру кеңістік жағдайында семинар практикум өтті

2019 жылдың 25 мамырында №79 «Шабыт» балабақшасының негізінде көптілді білім беру кеңістік жағдайында семинар практикум өтті. Семинардың мақсаты:  балабақшаның жыл көлеміндегі көптілді білім беру бағытындағы озық тәжірибелерін тарату, педагогтардың белсенділік пен тұрақты қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық атмосфера жасау. 2018 жылдың қыркүйек айында жетекші  №4«Аружан» балабақшасы және серіктес №3, 27, 39 балабақшалары және 46, 33 бірлесе құрылған жоспарына сәйкес  № 79 «Шабыт» балабақшасы негізінде өткен  «Үш тіл білейік, үйренейік!» атты семинар практикумында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Копеева Айнур Ризабековна ойын арқылы ағылшын тілін оқыту бойынша шеберлік сынып  өткізді.

Подробнее: Көптілді білім беру кеңістік жағдайында семинар практикум өтті

«Шабытыңды шарықтат, балақай!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті

27 ақпан күні №79 «Шабыт» балабақшасының жоспары бойынша қалалық «Шабытыңды шарықтат, балақай!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа Алматы ауданының балабақшаларынан 24 бала өнер көрсетті. Сайыс ережесі бойынша 1 балабақшадан 1  қазақ тілді бала қатысты. Жюри құрамы алдын ала бекітіліп, тағайындалды:

Қазылар алқасының төрағасы: Боранбаева Лейла Кайырбековна (Астана қаласы «Өрлеу» БАҰО АҚ инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Боранбаева Лейла Кайырбековна)

Қазылар алқасының мүшелері:

№27 «Балауса» балабақшасының әдіскері Алиманова Калия Есиркеповна

 

Подробнее: «Шабытыңды шарықтат, балақай!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті

«Сиқырлы доптар әлемі» атты ата аналармен тренинг өтті

№79 «Шабыт» балабақшасының ата - аналарымен жұмыс жоспары негізінде ақпан айының 10 –жұлдызында «Сиқырлы доптар әлемі» атты ата аналармен тренинг өткізілді. Аталған іс шараға барлығы  98 ата – ана қатысты. Тренингте ата- аналармен сұхбат, ойындар, әңгімелесу, сұрақ – жауап болды.

Подробнее: «Сиқырлы доптар әлемі» атты ата аналармен тренинг өтті

Жаңа жыл

25 -28 желтоқсан аралығында жаңа жыл ертеңгіліктері өтті. Ең бірінші болып ертеңгілікті мектепалды даярлық топтары мен ересек топтары бастады. Ортаңғы және кіші топтар ертеңгіліктің соңғы нүктесін қойды. Өте әсерлі өтті. Жаңа жылда жаңа кейіпкерлермен өткен ертеңгіліктер өте қызықты болды. Әсіресе, хореографтың тыңғылықты жұмысы мен музыканттың жұмысы ата- аналар тарапынан жоғары деңгейде бағаланды.

Подробнее: Жаңа жыл

«Тәуелсіздік күні» тойланып өтті

10 қарашада балабақшада еліміздің басты мейрамдарының бірі «Тәуелсіздік күні» тойланып өтті. Аталмыш мейрамда 3 кіші  және 3 ортаңғы топтың балаларында ашық тәрбие сағаты өтті. Түрлі бейнесюжеттер  мен суреттер көренекілік ретінде кеңінен қолданып, балалардың қызығушылығы мен білімдерін арттырды. Ал, ересек топтар мен мектепалды даярлық топтар акт залында керемет концерттік номерлер көрсетті. Концертте патриоттық әндер мен ұлттық нақышта билер көрсетілді.

Подробнее: «Тәуелсіздік күні» тойланып өтті