Педагогикалық кеңес
2021 жылдың 22 қарашасында балабақша педагогтарына арналған «Бала денсаулығын сақтаймыз және нығайтамыз» атты педагогикалық кеңес өткізілді. Мақсаты: қауіпсіздік ережелеріне сүйене отырып, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, шынықтыру іс-шараларын ұйымдастыру.
Педагогикалық кеңеске меңгеруші, медбикелер және педагогтар қатысты.Педагогикалық кеңес тақырыбына сай «Денсаулық» білім беру саласы бойынша жүргізілді. Педагогтар «Таңғы жаттығу», «Денсаулыққа пайдалы гимнастикалар», түрлі массаж түрлері, шынықтыру шаралары туралы іс-тәжірбиелерімен бөлісті. Педагогикалық кеңес қызықты өтті.
Балабақшамызда 2021 жылдың 28 қаңтарында педагогтарымызбен педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңес барысында педагогтарымыз қолданып жүрген жаңашыл әдіс-тәсілдерімен бөлісті. А. Сомшина, С. Махатова оқу қызметтерін түрлендіріп өткізуде ақпараттық қатынастық технологияны қолданудың тиімді жолдарымен бөлісті.
Балабақшаның педагог-психологы Р.Даулетбаева «Айна» атты тренинг өткізді. Тренинг көңілді өтті. Педагогикалық кеңес «Мен жаңашыл педагогпын» атты көрмемен жалғасын тапты.
№3 педагогикалық кеңестің 28.01.2021ж. хаттамасы