• Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • 8 (7172) 53-98-15

Кластер

Заман көшінен қалмаудың бір жолы – тіл білу. Әлемнің дамыған елдерімен терезе теңестіруге ұмтылған қазақстандықтардың алдында үш тілді бір кісідей меңгеру міндеті тұр.2017-2018 оқу жылынан бастап, біздің балабақшамыз кластер бойынша №21 «Гүлдер» балабақшаның жетекшілігімен өз жұмысын бастады.

Кластер көптілді кеңістік бойынша, яғни үштілділік бағыты.

2018- 2019 оқу жылында кластер өз жалғасын №4 «Аружан» балабақшасының жетекшілігмен өз жалғасын тапты.

Мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген  полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.

Балабақшамызда жоғарыда аталған жетекшілердің нұсқаулығымен үштілділікті дамытудың 2018-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары жүзеге асырылып жатыр.

Бүгінде мекемеде ұш тілді жетік меңгерген 8 ұстаз жұмыс атқаруда.

Олардың барлығы бәсекеге қабілетті оқушыларды дайындауға ниетті. Жоспар бойынша ағымдағы оқу жылында Астана қаласының балабақша педагогтарына арналған семинар – практикум ұйымдастырылу жоспарда.