Таным білім беру саласы бойынша «Сенсорика» оқу қызметінен «Қоянмен ойнаймыз» атты ашық оқу қызметі өтті
Ақпанның 11-жұлдызында кіші «Керней» тобында Таным білім беру саласы бойынша «Сенсорика» оқу қызметінен «Қоянмен ойнаймыз» атты ашық оқу қызметі өтті.
Оқу қызметінде балалар пішіндерді, түстерді, үлкен кіші т.б сияқты білімдерін пысықтады.
Педагог Азаматова Бақытгүл балалардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында бірнеше тапсырмаларды балалармен бірге орындады.Мысалы, «құмның арасынан қоянның азығын табу», үлкен кіші сәбіздерді ажырату ойындарын дайындаған. Ашық оқу қызметіне жас мамандар, балабақша әдіскерлері, педагог-психолог қатысты.
Ашық сабақ бойынша жас маман Б. Азаматоваға педагогтар тарапынан ұсыныстар айтылды.