• Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • 8 (7172) 53-98-15

Оқыту-әдістемелік жұмыстары

№ 79 «Шабыт» балабақшасы МКҚК оқыту-әдістемелік жұмыстары нормативті-құқықтық құжаттар талабына сәйкес ұйымдастырылып, оқыту-тәрбиелік процесті жетілдіруге бағытталған.

Оқыту қызметін жүзеге асыру үшін балабақшада оқыту-әдістемелік құжаттары бар:

- 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі жалпыміндеттік оқыту мен тірбиелеу стандарты;

- 2012 жылғы 20 желтоқсанлағы №557 Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің бұйрығымен бекіткен Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі типтік оқыту жоспары;

- «Алғашқы қадам» ерте жастан (1-ден 3-ке дейін) балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы, құрушы авторлары: Б. Ноғайбекова, И. Тирская,  Г. Максутова;

- «Зерек бала» кіші мектепалды жастағы (3-5 жас аралығы) балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы, құрушы авторлары: Т. Калашникова, Г. Новогренко, Н. Матвиенко, Г. Жигайло;

- «Біз мектепке барамыз»  жоғары мектепалды жастағы (5-6 жас аралығы) балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы, құрушы авторлары: Н. Татаурова, Т. Дрыгина, И. Тирская, Г. Корчевская, И. Митрофанова, С. Шелипова, С. Шақабаева;

- Балабақшада 5-7 жас аралығындағы мектепалды дайындық тобы балаларының бағдарламасы,  құрушы авторлары: Ж. Қараева, Д. Ысмаилова, Т. Попова, Алматы, 1999 ж.

Оқу жұмыс жоспарын құрастыру кезінде апталық оқу жүктемесінің барынша рұқсат берілетін көлемі және вариативтік компонентті қоса санағанда балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы есепке алынды.

Балабақшаның барлық жастағы топтары бойынша вариативті компонентінің әдістемелік көмекші құралдары мен Қосымша бағдарламалары:

- «Дүнииені танып білемін» («Қайнар» бағдарламасы бойынша әдістемелік ұсыныстар «Дүниені танып білемін» (Познаю мир), авторлары Т.И. Гризик, К.А. Аймагамбетова, Г.Ж. Майкотова, Алматы: Просвещение-Қазақстан, 2007 ж.)

- «Зерттеу – тәжірибе іскерлігі» - («Жас зерттеуші» әдістемелік ұсыныстар, автор Г. И. Нурбаева, Астана, 2012 . Астана қ. ББЖКБА ҚДИ оқу кеңесінің шешімімен ұсынылған, 2012 жылғы 3 сәуірдегі №30);

- «Үш тілде сөйлейміз» - («Кішкентай тілмаш» әдістемелік ұсыныстар, Әдістемелік ұсыныстардың авторлары Ж. А. Жанаева, Б.Қ. Құсмамбетова, Н.Қ Жолдыбаева, Г.С. Біртаева, Ғ.Б. Омарова, Г.Ж. Түгелбаева, 2014 ж. )

Балабақшада оқыту-әдістемелік жұмыстары оқыту-тәрбиелік жұмыстардың жылдық жоспарымен сәйкес жүргізіледі.  Жылдық жұмыс жоспары келесі бөлімдерден тұрады: балабақшаның паспорты, өткен жыл жұмыстарының талдауы; әдістемелік тақырыптар мен жылдық тапсырмалар; мұғалімдіердің сапалық құрамы; балабақшаның жұмысын реттейтін негізгі нормативті құжаттар; балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау;  ҚР «Тілдер туралы» Заңын орындау; оқыту-тәрбиелік процесті (педагогикалық және әдістемелік кеңестер,семинарлар; аттестациялық комиссияның отырысы; меңгеруші жанындағы жиналыс; өндірістік жиналыстар) әдістемелік-ұйымдастырумен қамтамасыз ету; балалармен педагогикалық-ұйымдастыру жұмыстары; ата-аналармен жұмыс; бақылау мен жетекшілік; әкімшілік-шаруашылық жұмыстар. Жылдық жоспар іс-шаралары жылдық тапсырмаларды шешуге бағытталған. 

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті қызметінің кестесі, тәрбиешілердің, педагогикалық-мамандардың перспективті-тематикалық жоспары 2015 жылдың 28 тамыздағы № 1 педагогикалық кеңесінде балабақша меңгерушісі бекіткен, Астана қаласы білім Басқармасы мектепалды бөлімімен келісілген балабақшаның Жұмыс оқу жоспарына сәйкес құрылады. 

Балабақша топтарында ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің қызметі бекітілген кестемен, сағаттық жүктеме мен өткізу ұзақтығымен сәйкес жүргізіледі. Балаларға оқыту процесін ұйымдастыру кезінде «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» мектепалды бағдарламаларына оқыту-әдістемелік кешен, 2+, 3+, 4+, 5+ және мектепалды даярлық 5-7 жастағы  балалар үшін оқыту-әдістемелік кешені пайдаланылады. 

Жыл сайын балабақшада 5 педагогикалық кеңес жоспарланып жүргізіледі. Педагогикалық кеңестің жұмысы балабақшаның жылдық жұмыс тапсырмаларын шешуге, балабақша тәрбиеленушілерінің бағдарламалық материалды меңгеру сапасына, жалпы педагогикалық ұжым жұмысының нәтижелілігіне бағытталған. Педагогикалық кеңестің хаттамалары 2007 жылғы 24 қазандағы №506 білім мекемесі педагогикалық кеңес қызметінің Типтік ережелерімен сәйкес жүргізіледі.

Мұғалімдер теориялық және тәжірибелік білім мен дағдылар алатын, балабақшада жылдық және қысқа мерзімді семинар-тәжірибелер жоспарланып жүргізіледі. Әдіскер, педагог-мамандар кеңестер жүргізеді; ақпараттық стендтерді, ескертпелерді, ата-аналар мен мұғалімдер үшін папкалар ұйымдастырады.

Балабақшада тәрбиелеу-білім беру барысында психологиялық қолдау көрсетіледі, оны жоғары білікті санаты бар жоғарғы деңгейлі педагог-психолог Р. Ж. Даулетбаева жүзеге асырырады. 

Тәрбиелеу-білім беру барысында психологиялық қолдаудың басты мақсаты: балалардың психологиялық жағдайын дамыту және оның психологиялық дамуын қамтамасыз ету.