• Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • 8 (7172) 53-98-15

Ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті

Ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті

ҰОІӘ тақырыбы: «Саусақтар сөйлейді» ата-аналарға кеңес.

ҰОІӘ мақсаты: Саусақ қимылдарымен сөйлеу туралы ойын іс-әрекеті арқылы түсінік беру.

ҰОІӘ міндеттері:

- Балалардың жалпы және ұсақ қол моторикасын дамыту.

- Саусақ қимылдарының көмегімен «Сәбіз» тақпағын бейнелеп айту арқылы балалардың сөздік қорын байыту; тақырып негізінде балаларда тазалық, судың маңыздылығы сынды түсініктерді қалыптастыру.

- Ата-аналарды балалармен әртүрлі шығармашылық жұмыс жасауға үгіттеу.

ҰОІӘ барысы:

Шаттық шеңбері:

Сылдыр-сылдыр мөлдір су (қолдарын сілкиді)

Мөлдір суға бетіңді жу (алақанмен бетін сипап бетін жуғандай болады)

Бетің жусаң әрдайым (балан үйрек саусағымен бетін нұсқау арқылы нүктелі массаж жасайды)

Таза болар маңдайың (маңдайын сипайды).

Тәрбиеші, балалар және ата-ана жартылай шеңбер болып отырады. Тәрбиеші ойыншық сәбізді көрсетіп, осы көкөніс туралы түсінік береді.

Тәрбиеші: - Ал, енді, осы сәбіз туралы тақпақ жаттап алайық.

Сәбіз алып тазалаймыз (екі алақанды бір-біріне сипалайды)

Үккіш алып майдалаймыз (бір алақанын жайып екінші жұдырығымен жұмсақ ұрады)

Қант сеуіп дәмдейміз (бір алақанын ашып, екінші қолдың саусақтарымен қант сепкендей қимыл жасайды)

Қаймақ қосып сәндеміз (екі бас бармағын төменге қайыру арқылы қосу қимылын жасайды)

Міне, дайын нәр тағам (екі алақанын жайып алға көрсетеді)

Дәруменге бай тағам (екі қолымен ішін сағат бойымен сипалайды).

 

Тәрбиеші: Енді, ата-аналар сіздер осыны балаларыңызға көрсетіп бірге айтып көріңіздер.

Балалар ата-анамен бірге тағы қайталап істейді.

Қорытынды: Ата-аналармен де, балалармен де не үйренгені жайлы сұрақтар қойып өорытынды жасайды.

 

 

 

   

 

«Балалар денсаулығын нығайту»

Астана қаласы әкімдігінің № 79 «Шабыт» балабақшасы  «Балалар денсаулығын нығайту»

 № 79 «Шабыт» балабақшасы медбикелері 

Балтабекова А.А., Ибраева Г.С.

                                      

 «Балалар денсаулығын нығайту»

№ 79 «Шабыт» балабақшасы медбикелері  

Балтабекова А.А., Ибраева Г.С.

Балабақшада сауықтыру шараларының ұйымдастырылуы
Жас ұрпақты жан – жақты дамыған, ой — өрісі биік, тұлғасы сымбатты азамат етіп өсіру үшін тәрбие жүйесінде дене тәрбиесінің алар орны орасан зор. Ал оны неғұрлым ерте кезінен бастап, дұрыс жолға қойып жүргізсе, соғұрлым нәтижесі жемісті болатыны анық. Өйткені болашақ азаматтың денсаулығы мықты, мүсін тұлғасы дұрыс қалыптасқан, жігерлі де қайратты болып өсуіне, көпшілдік дағдыларын бойына терең сіңіруіне нақ осы мектепке дейінгі кезеңде тереңірек көңіл бөлінсе, дұрыс негіз қаланады. Қазақтың кемеңгер ақыны, ұлтының бақыты үшін өз бойындағы бар дарыны мен білгенін аямай, дене тәрбиесіне зор көңіл бөлген Мағжан Жұмабаев: «Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі заты берік болмақ. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса иесі де мықты. Сау жан – сау денеде ғана болады» — деген. Сондықтан да бүлдіршіндер ағзасының қызметін жетілдіру, денсаулығын жақсарту, жүйкенің жұмысын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, икемді, сымбатты етіп өсіру, міне, осының барлығын ғылыми негізде тәрбиенің басқа түрлерімен ұштастыра жүргізу – балабақшалардың негізгі мақсаты мен алға қойған үлкен міндетінің бірі.

Бала денсаулығының мықты болып , қозғалыс,дене құрылысының дұрыс жетілуі мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасады. Сондықтан , бала ағзасының қызметін жетілдіру қабілетін арттыру осы кездегі ең басты міндет болып табылады. Бұл міндеттердің маңыздылығы мынада; ағзаның қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды.Сондықтан сүйектің, буынның дұрыс әрі өз мерзімінде жетілуіне, бел омыртқаның физиологиялық иіндерінің қалыптасуына, табан дөңістерінің дұрыс жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығы тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал ету қажет. Сондай-ақ,баланың қозғалысын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділігін, шапшандық, күштілік төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыруға, тұрмыста және дене тәрбиесі сабақтарында қажетті жеке және қоғамдық гигена дағдыларын дамытуға баса назар аударылады. Балаларды мектепке даярлау кезеңінде олардың денсаулығын жақсарту мәселесі бойынша өсу тенденциясына бүгінгі ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұл тұрғыда денсаулығын нығайту үшін комплексті әдістерге айрықша мән беріледі.

Бала үшін серуенді қызықты ұйымдастыру керек. Жай ғана денсаулықты күшейтіп қоймайды, айналадағы құбылыстарды бақылап, көзқарасы қалыптасады. Ойынды таңдай отырып, жыл мезгілін, ауа райын да ескеуіміз керек. Қыс мезгіліндегі ойындар өте пайдалы, соның өзінде ойын қозғалыстарымен, жаттығулары демалыспен кезектесуі керек. Ыссы ауа- райында ойындар жай қозғалыста болғаны жөн. Ойын қызығымен бала шаршағанын аңғармайды.

Сондықтан ойын кезінде баланың денесін дұрыс ұстауын, аяғын түзу басуын қадағалаған дұрыс. Қысқы ойындарда бала шанамен ойнағанды, қар ұстап ойнағанды жақсы көреді. Жаз , күз мезгілінде саябаққа барғанды ұнатады: жапырақ жинау, маусымдық киіммен ,мысалы, аяғында ботинка, үстінде күртемен жүгіру қимылды қиындатары белгілі, бірақ ойын баласы оны жеңуге ұмтылады. Бала бойында осылай қимыл қозғалыста төзімділік, ептілік, ширақ қимыл дамиды. Бұлардың барлығы да денені шынықтыруға жатады. Ауа райы қандай болса да таза ауда болу пайдалы.
Сонымен қатар балабақшада балалардың тамақтануы да қадағалауда болады.Ас мәзірінің құнарлылығы,сапасы мен әртүрлілігі басты назарда ұсталады.Жыл мезгіліне қарай берілетін ас мәзірі өзгертіліп бекітіледі.Дұрыс отыру,тағамдарды ретімен жеу,үстел үстінде өзін дұрыс ұстай білуді үйренеді. Мәдени-гигиеналық дағдылары қалыптасады.

Адамның тамақтанудағы мінез-құлқы – тамақтануға қатысты әдеттердің және әрекет ету тәсілдерінің жиынтығы. Оған тамақ талғау, емдәмдік тамақтану (диета), тамақтану тәртібі кіреді. Тамақтанудағы мінез-құлық адамның өмірі бойында мәдени, әлеуметтік, отбасылық, биологиялық факторлар әсерімен қалыптасады. Дұрыс тамақтану мықты денсаулықтың және сәйкесінше, өмір сапасының кепілі болып табылады. Екі жастан бастап-ақ, бала алғашқы тамақтану әдеттерін иелене бастайды, атап айтқанда, екі жастан бес жасқа дейін ол тамаққа қатысты тым талғампаз болады. Ерте жастан бастап тамақтануда қалаулар, тамақтануға қатысты мінез-құлық қалыптасады. Мамандардың пікірінше, тамақтанудағы мінез-құлықтың бұзылуы негізінде көбінесе қорқыныш, күйзеліс сияқты психологиялық сипаттағы мәселелер жатады, олардың туындауы ата-ананың, құрдастардың, бұқаралық ақпарат құралдарының теріс әсерімен байланысты. Тамақтың сапасы және тіпті ананың жүктілік кезінде қалай тамақтанғаны маңызды рөлге ие. Батыс ғалымдары зерттеу жүргізіп, оның барысында әйелдерді жүктілігінің екінші және үшінші триместрінде белгілі «пайдалы» өнімдерді тұтынуы мен кейін балаларының тамақ талғауы арасында сөзсіз байланыс бар екені анықталған. Көп жағдайда баланың тамақтану мінез-құлқындағы бұзылушылықтар үшін ата-ана жауапты. Баланың тамақтанудағы мінез-құлқын қалыптастыру барысында қате жіберу мүмкіндіктері – орасан зор, олар ата-аналарды әр қадам басқан сайын аңдып тұрады. Бірақ, тамақтануда бұрыс мінез-құлық қалыптастыру қауіп-қатерінің тууына ықпал ететін кейбір негізгі факторларды атап көрсетуге болады

Сауықтыру шаралары бойынша отбасымен жұмыстың бағыттары.
Ата-анамен педагогтар арасындағы бірлескен жұмыстар үлкен жауапкершілікті талап етеді. Баланың денсаулығын қорғау, сақтау және нығайту жұмыстары ең басты мәселе. Балалардың қимыл қозғалыс белсенділігін дамытуға байланысты топтарда ашық ұйымдастырылған шаралар, ойын сауықтар, ата-аналармен жыл маусымдарына қарамастан іс-шаралар ұйымдастырылады. МДҰ- да спорт залы ,ойын алаңдары бар, бала дамуына қажетті барлық жабдықтармен, спорттық құралдармен және әр топ спорттық киімдермен толық қамтылды. Және кезеңімен толықтырылып отырады.Әр топтың өз эмблемалары бар. Оларда түрлі жарыстар, әр бағыттағы спорттық ойындар жиі жүргізіліп тұрады. Күнделікті ертеңгілік балалармен дене шынықтыру жаттығулары жасалады. Ұйымдастырылған оқу іс-ірекеті тұрақты жүргізіледі. Осы сабақ барысында балалардың дене бітімі дұрыс қалыптасып, іс қимылдары жетіліп, бұлшық еттері қатаюына көңіл бөлінеді. Топтарда денсаулық бұрыштары ұйымдастырылған.
Сонымен қатар балабақшада ата – аналардың қатысуымен түрлі спорттық жарыстар өткізіліп тұрады. Спорттық жарыстар мен түрлі ойын – сауықтар балалардың ой санасының қалыптасуына, өзін еркін ұстап және жан – жақты жетілуіне әсер етеді. Дене тәрбиесіне байланысты балабақшада «Шынықсан шымыр боласың»,  «Кім жылдам?» деген топ арасындағы эстафеталық жарыстар өткізіледі. Балалардың арасында жиі кездесетін сырқаттар: отит (құлақ ауруы),жедел лоринготрахит (қалқанша безінің ісінуі), ЖРИ (жалпы тыныс жолы аурулары).Балабақшадағы тұрақты жүргізілетін іс-шаралардың нәтижесінде балалардың сырқаттануы азайды. Жылына 1 рет жоспарлы түрде мамандар шақырылады. Балалабқаша тәрбиеленушілерімен және ата-аналармен кездесу сағаттары ұйымдастырылады.Балаларда жиі кездесетін сырқат түрлері,олардың алдын алу,қайта қалпына келтіру үшін тамақтандыру т.б. туралы кеңестер береді.Ата-аналардан сауалнамалар алынып,сұрақ-жауап жәшігі ұйымдастырылды.Өздерін мазалайтын сұрақтарын арнайы мамандарға қойып,осы жәшікке салынды. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған ойындар мен тыныс алу жаттығуларының жиынтығы ұсынылады.

Дидактикалық және қимыл-қозғалыс ойындары
Тақырыбы: «Денсаулық» еліне саяхат
Дидактикалық ойын: Менің бір күнім
Міндеті: Суреттерді талдай отырып, рет-ретімен жинастыруға жаттықтыру.
Күн тәртібі туралы білімдерін бекіту.
Құралдар: Күн тәртібінің суреттері салынған конверт.
Ойын барысы: Педагог, балаларға күн тәртібінің суреттері салынған конвертті үлестіреді. Бала ондағы ірекеттерді әңгімелеп,рет-ретімен тізбектеп қояды.
Жыл мезгілдері
Міндеті: Суретте бейнеленген негізгі белгілері бойынша әр жыл мезгілдері жайлы түсініктерін бекіту. Балаларды жыл мезгілдерінің ретін дұрыс көрсететін сөздерді қолдана отырып, талқылай білуге баулу.
Құралдар: Жыл мезгілдерінің суреттері жіне түрлі-түсті төрт карточка.
Балалар жыл мезгіліне сай түстерді шеңберге тізбектеп,ретімен жүйелі құрастырады. Осыған қатысты суреттерді қажетті орнына орналастыру керек.
Азат тіс дәрігерінің қабылдауында
Міндеті: Баланы суреттегі оқиға желісі бойынша құрастыра білуге баулу.
Құралдар: Суреттер.
Ойын барысы: Балалар суретті мазмұны бойынша рет-ретімен орналастыруы қажет.
Тақырыбы: Ұйқы –жанның нәрі
Дидактикалық ойын: Түс Перизаты
Мақсаты: Түскі ұйқыға деген жағымды түсінік қалыптастыру.

Құралдар: Сиқырлы таяқша.
Ойын барысы: Бұл ойында түс Перизаты ұйықтауы қиын балаларды таңдайды. Сиқырлы таяқшасын қолына алып, бөлмені аралап жүріп таяғын заттарға тигізіп ұйықтатады. Міне, үстел, кітап сөресі де ұйықтап қалды. Түс Перизаты төсекке жатып, сиқырлы таяқшамен өзін түртеді.
Дидактикалық ойын: Сиқыршы.
Мақсаты: Түс туралы білімдерін бекіту.
Құралдар: Әуен тыңдау, Шығыс әуені.
Ойын барысы: Ұйықтар алдында шығыс әуені қойылады. Балалар сиқыршыға айналып, кілем үстінде малдас құрып отырады. Қолдарын тізелеріне қойып,иектерін тізелеріне тигізіп, көздерін жұмып, денелерін бос ұстайды. Әуен біткен кезде ақырындап, үндемей төсектеріне барып жатады.
Дидактикалық ойын: Ғажап ұйқы.
Мақсаты: Бала бойын босаңсыту.
Ойынды суреттеп айту: Жүргізуші өлеңді оқу барысында балалардан көздерін жұмуды сұрайды.
Кірпігімізді төмен түсірсек,
Көзіміз жұмылады.
Енді еркін демалайық (2 рет).
Ғажап қана ұйықтасақ,
Жеңіл, дұрыс тыныстасақ,
Шаршағанымыз ұмытылып,
Денеміз босаңсиды (2 рет).
Шөпте жатқандай сезінейік,
Жасыл,жұмсақ шөпте жатырмыз…
Күн нұрын бізге төгіп тұр…
Қолымыз біздің жып-жылы…
Күн ыстық…
Түн жылы…
Таза ауада тамаша, тыныстаймыз ( Ұзақ кідіріс).
Біз еркін тыныстадық.
Ғажап қана ұйықтадық!
Оянатын сәт келді!
Қолымызды жоғары көтеріп, жұдырығымызды түйеміз.
Керілеміз! Күлеміз!
Балалар көзін ашады.
Бұл жаттығу жұмыстары ақырын, ұзақ кідірістермен байсалды дауыспен, бала ойын еркінсітетін сазды әуенмен оқылады.
Тақырыбы: Дене тәрбиесі- денсаулық кепілі
Дидактикалық ойын: Біздің денсаулығымызға не керек ?
Міндеті: Балалардың денсаулыққа қажетті заттар туралы білімдерін бекіту, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Құралдар: Доп.
Ойын барысы: Педагог балаларды дөңгелете тұрғызып, денсаулықты сақтауға қажетті заттарды естеріне түсіруін сұрайды. Содан кейін педагог допты кезекпен балаларға лақтырады, ал балалар қажетті заттарды атап, керісінше допты педагогқа қайтарады. Ал, шатасқан баланың орнына басқалары жауап береді. Дені саудың- жаны сау.
Дидактикалық ойын: Қуыршақты емдеу.
(Ойынды медбикенің қатысуымен өткізген дұрыс).
Мақсаты: — Балаларды жарақатты дұрыс емдеуге үйрету.
— Олардың алқашқы жәрдем көрсетуге қажетті заттар туралы білімдерін бекіту.
Құралдар: Қуыршақ, алғашқы жәрдем көрсетуге қажетті заттар.
Ойын барысы: Бала алдына қуыршақты алып емдейді. Емдеу кезінде қажетті заттарды алып, оны атап және дұрыс емдеу жолын айтады:
— Жарақатты жуу;
— Таза сүрткішпен сүрту;
— Айналасындағы теріні йод ертіндісімен сүрту;
— Қажеттілігіне қарай дәкемен орау;
— Қуыршаққа жылы сөздер айту.
Тез сауығып кетіңіз! Енді абай болыңыз! Жазылып кетесіз! Сау болыңыз! т.б. жылы сөздер айтып үйрену.
Дидактикалық ойын: Көңіл күй және жүріс.
Мақсаты: Сезім эмоция қозуын төмендету, алаңдатушылықты азайту, бұлшық еттерді босаңсыту.
Ойын барысы: Жүргізуші қозғалысты көрсетіп, көңіл-күйді сүрайды.
— Алдымен ұсақ жауын болып, содан кейін үлкен тамшы болып жауамыз.
— Торғайға айналамыз, бүркіт болып ұшамыз.
— Көңілді сайқымазақ боламыз.
— Құсты аңдыған мысық болып жүрейік.
— Сазды жерді басып келеміз.
— Ойға шомып жүреміз.
— Анамыздың алдынан шығып, мойнына асыламыз.
Тақырыбы: Актерлер
(Ересек топ балалары, ата-аналармен де болады.)
Міндеті: өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі күлкінің рөлі оның маңызы жөнінде түсінік беру.
Ойын барысы: Балалар шеңбер құрып отырады. Барлығы – актерлер, педагог- көрермен. Педагог кімді бейнелеу керектігін ұсынады:
— Күзгі бұлт.
— Ренжіген адам.
— Қатыгез сиқыршы.Тәрізді қатуланыңдар
— Күнге қараған мысық.
— Күн.
— Айлакер түлкі.
— Қуанышты бала болып күлімдеңдер.
— Балмұздағын түсіріп алған бала.
— Көпірдегі екі ешкі. Тәрізді ашуланыңдар.
— Жұмыстан келген ана .

— Ауыр жүк көтерген адам.
— Үлкен шырпы тасыған құмырысқа. Тәрізді шаршаңдар.
— Орманда адасып жүрген бала.
— Қасқырды көрген қоян.
— Ит қуып жүрген мысық. Тәрізді қорқыңдар.
— Анасына үйді жинауға көмектескен бала. Тәрізді дем алыңдар.
Сендер осы кейіпкерлерің өздерін қалай сезінгенін солай жеткізе біліңдер. Бір-бірлеріңе қарап, өздеріңнің көршілеріңе осы жағдайларды айта біліңдер.
Тақырыбы: Кім күлкілі күледі?
(Ересек топ балалары, ата-аналармен де болады.)
Міндеті: Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Адам өміріндегі күлкінің ролінің маңызы туралы түсінік беру.
Ойын барысы: Педагог балаларды шеңбер құрып отырғызып,ертегі айтып береді: «Бір елді Күлкі ханы басқарыпты. Ал оның әйелі Күлегеш ханым және оның бірнеше күлегеш балалары болыпты. Бұл елде өмір сүретін адамдар еш ренжуді білмеген,ертеден кешке дейін күле берген. Бір күні бұл елге басқа елдің тұрғыны келеді. Оны құрметпен қарсы алып,одан өзінің болған елдері туралы әңгімелп беруін сұрайды.Сонда жолаушы барлық көрші мемлекеттерде қауіпті ауру барын- адамдар тәулік бойы жылап, күлуді тоқтатқанын әңгімелеп береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Логопедтің бос орны

Астана қаласы әкімдігінің
№ 79 «Шабыт» балабақшасы
2024 жылдың 3 сәуір мен 15 сәуір аралығында бос лауазымға конкурс жариялайды.

Бос лауазымдық орындар:

Логопед – 0,5 бос орын

Дефектолог – 0,5 бос орын

Лауазымдық міндеттері.

мектепке дейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын мектепке дейінгі ұйымның, оның ішінде арнаулы мектепке дейінгі ұйымдардың арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;

           даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)сабақтар өткізеді;

      мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

      білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

      басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;

            тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді;

            психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру бағдарламаларын (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар), түзету-дамыту бағдарламаларын (психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары, аутизм орталықтары және басқа да орталықтар) іске асыратын арнайы білім беру ұйымдарының арнаулы педагогі кемтар балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді;

      ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалауды жүргізуге қатысады;

            жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді;

            ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;

      тәрбие процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген педагог хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

 

Мекен-жай: Астана қ., «Алматы» ауданы, А 195 к-сі, 1 ғимарат.

Тел.: 8 (7172) 53-98-15,

+7 771 2348983

Эл.пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.