• Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • 8 (7172) 53-98-15

Ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті

Ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті

ҰОІӘ тақырыбы: «Саусақтар сөйлейді» ата-аналарға кеңес.

ҰОІӘ мақсаты: Саусақ қимылдарымен сөйлеу туралы ойын іс-әрекеті арқылы түсінік беру.

ҰОІӘ міндеттері:

- Балалардың жалпы және ұсақ қол моторикасын дамыту.

- Саусақ қимылдарының көмегімен «Сәбіз» тақпағын бейнелеп айту арқылы балалардың сөздік қорын байыту; тақырып негізінде балаларда тазалық, судың маңыздылығы сынды түсініктерді қалыптастыру.

- Ата-аналарды балалармен әртүрлі шығармашылық жұмыс жасауға үгіттеу.

ҰОІӘ барысы:

Шаттық шеңбері:

Сылдыр-сылдыр мөлдір су (қолдарын сілкиді)

Мөлдір суға бетіңді жу (алақанмен бетін сипап бетін жуғандай болады)

Бетің жусаң әрдайым (балан үйрек саусағымен бетін нұсқау арқылы нүктелі массаж жасайды)

Таза болар маңдайың (маңдайын сипайды).

Тәрбиеші, балалар және ата-ана жартылай шеңбер болып отырады. Тәрбиеші ойыншық сәбізді көрсетіп, осы көкөніс туралы түсінік береді.

Тәрбиеші: - Ал, енді, осы сәбіз туралы тақпақ жаттап алайық.

Сәбіз алып тазалаймыз (екі алақанды бір-біріне сипалайды)

Үккіш алып майдалаймыз (бір алақанын жайып екінші жұдырығымен жұмсақ ұрады)

Қант сеуіп дәмдейміз (бір алақанын ашып, екінші қолдың саусақтарымен қант сепкендей қимыл жасайды)

Қаймақ қосып сәндеміз (екі бас бармағын төменге қайыру арқылы қосу қимылын жасайды)

Міне, дайын нәр тағам (екі алақанын жайып алға көрсетеді)

Дәруменге бай тағам (екі қолымен ішін сағат бойымен сипалайды).

 

Тәрбиеші: Енді, ата-аналар сіздер осыны балаларыңызға көрсетіп бірге айтып көріңіздер.

Балалар ата-анамен бірге тағы қайталап істейді.

Қорытынды: Ата-аналармен де, балалармен де не үйренгені жайлы сұрақтар қойып өорытынды жасайды.