• Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • 8 (7172) 53-98-15

«Шабытыңды шарықтат, балақай!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті

27 ақпан күні №79 «Шабыт» балабақшасының жоспары бойынша қалалық «Шабытыңды шарықтат, балақай!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа Алматы ауданының балабақшаларынан 24 бала өнер көрсетті. Сайыс ережесі бойынша 1 балабақшадан 1  қазақ тілді бала қатысты. Жюри құрамы алдын ала бекітіліп, тағайындалды:

Қазылар алқасының төрағасы: Боранбаева Лейла Кайырбековна (Астана қаласы «Өрлеу» БАҰО АҚ инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Боранбаева Лейла Кайырбековна)

Қазылар алқасының мүшелері:

№27 «Балауса» балабақшасының әдіскері Алиманова Калия Есиркеповна

№ 63 «Әсем-ай» балабақшасының шағын орталығының әдіскері, «Есіл» ауданының модераторы

Кабылова Румхан Балгабаевна

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының педагог – психологы Исабекова Айжамал Керімбековна

Қазақ драма театрының актеры, ақын Тулегенов Хазрет Мейрамғалиұлы

Қазылар алқасы сайыскерлерді келесі өлшем бойынша бағаланды:

1.Жатқа оқу шеберлігі

2.Актерлік шеберлігі

3.Орындалатын шығарманың күрделілігі

Сайыс нәтижесі бойынша:

Бас жүлде  №79 «Шабыт» балабақшасының мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Аман Нұрмариям

1 орын –№ 37 «Арман» балабақшасынан Искакова Сымбат

2- орын -№21 «Гүлдер» балабақшасынан Үсен Нариман, №8 балабақшадан Жахангир Бекзат

3- орын -№ 38 «Шаттық» балабақшасынан Ақпан Бейбарыс, №81 «Асемгүл» балабақшасынан Қилымбек Едиге және № 34 балабақшадан Еркін Адияр иеленді.

  • IMG_2110-26-02-19-09-55
  • IMG_2119-26-02-19-10-07
  • IMG_2121-26-02-19-10-07
  • IMG_2124-26-02-19-10-07
  • IMG_2131-26-02-19-10-07
  • IMG_2133-26-02-19-10-07
  • IMG_2135-26-02-19-10-07
  • IMG_2135-26-02-19-10-08