• Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
  • 8 (7172) 53-98-15

«Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық білім беруде тәжірибелік-эксперименттік алаң жұмысының тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар өтті

2020-2021 оқу жылының оқу жоспарына сәйкес сәуір айының 14 жұлдызында «Мектепке дейінгі ұйымда экологиялық білім беруде тәжірибелік-эксперименттік алаң жұмысының тиімділігі» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинарға Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты.

Семинарда үш оқу қызметі, бір тәжірбиелік сағат көрсетілді.

Педагогтарымыз ерекше белсенділікпен үш жыл көлемінде жүргізген жұмыстарын атаулы қалалық семинарда ұсынды.

А.Сомшина «Ысырапсыз өнімдер», Ж.Исахова «Табиғаттың таңғажайып әлемі», С.Махатова «Табиғат және музыка» атты оқу қызметтерін, «Пияз отырғызу» тәжірбиелік сағатын А.Жаксылыкова өткізді.

Семинарға «Балабақшаға саяхат» атты бейне жазба, «Балабақша мен отбасының сабақтастығы» атты ата-ананың қатысумен ұйымдастырылған бейнежазба көрсетілді.

Музыка жетекшілері С.Махатова, Қ.Абдировтың, би жетекшісі Ж.Исахованың ұйымдастырумен «Табиғаттың гүлденуі» атты биден қойылым қойылды.

Семинар зум бағдарламасы арқылы 1 сағат, 30 минутта жүргізілді. Арнайы қонақ ретінде Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығының мектепке деінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің әдіскері Боранбаева Майра Сарсенханқызы қатысты.

Семинардың рефлексия бөлімінде бірнеше мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері жақсы пікірлерін білдірді.

  • 01
  • 03
  • 04
  • 05